Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесу өтті

Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесу өтті

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен аумақтық басқармалар қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Ажибаев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы С.Джузбаева қатысты. Кездесу барысында жемқорлықтың алдын алу және қызметтік этика мәселелері көтеріліп, қатысушыларға тиісті кеңестер мен түсіндірмелер берілді.