Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыру аясында Өскемен қаласындағы жол төсемдерінің жай-күйіне қоғамдық мониторинг жүргізілді.
Мониторинг Пограничный көшесінен Назарбаев даңғылы 93-ші үйге дейінгі жол учаскесін қамтыды. Мониторинг бастамашысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті Адиль Пшенов болды.
Мониторинг нәтижесінде жол төсемесінде елеулі зақымданулар тіркелді, бұл қала тұрғындары тарапынан алаңдаушылық туғызады және қоғамдық кеңістікте белсенді талқыланады.
Мониторинг қорытындысы бойынша А.Пшенов уәкілетті органға-Өскемен қаласы әкімдігінің ТКШ бөліміне ресми өтініш жолдады. Хатта жолдың қанағаттанарлықсыз жағдайына байланысты аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі көрсетілген.
Бұдан басқа, өтініште басқа проблемалық учаскеде — Назарбаев даңғылынан Бажов көшесіне дейін кепілдік бойынша жөндеу жүргізуге нұсқау бар. Қолданыстағы нормаларға сәйкес, бұрын мердігерлік ұйым орындаған жұмыстар кепілдік міндеттеме шеңберінде ақауларды жоюы тиіс.
Азаматтық белсенділіктің бұл үлгісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ашықтық пен есептілікті арттыру процесіне, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күреске және орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауға оң үлесін қосады.
#Заң_мен_тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП