Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың, маңызды превентивті әсерді қамтамасыз ететін тиімді құралдарының бірі әкімшілік практика болып табылады. Әкімшілік тетіктерді қолдану қылмыстық құқық бұзушылықтарды қоса алғанда, неғұрлым елеулі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Әкімшілік іс жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу Қазақстанда ғана емес, халықаралық аренада да тиімді деп танылды. Атап айтқанда, ГРЕКО Дүниежүзілік Ұйымы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды элементі ретінде әкімшілік тәжірибені кеңінен қолдануды белсенді түрде ұсынады. Бұл мұндай тәжірибенің ұлттық және халықаралық деңгейде маңыздылығын растайды.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметке кіретін азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар шектеулерді сақтауға міндетті. Бұл шектеулер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағында көзделген. Мемлекеттік қызметшілерге келесілерге шектеу қойылған:
- мемлекеттік функцияны орындаумен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыру;
- жақын туыстарымен, жұбайларымен немесе жекжаттарымен бірге жұмыс істеу;
- қызметтік ақпаратты жеке мүддесі үшін пайдалану;
- өз міндеттерін орындағаны үшін сыйлықтар, ақша немесе қызметтер алу;
- шетелдік банктерде шот ашу немесе ақшаны сол жерде сақтау;
- казинода немесе интернетте құмар ойындарға қатысу.
Бұл міндеттемелерді орындамау осы Заңның 12-бабының 4-тармағында тікелей көзделген лауазымға қабылдаудан бас тарту немесе мемлекеттік қызметтен босату сияқты ауыр зардаптарға әкеп соғады.
Сонымен қатар, Заңға сәйкес мемлекеттік қызметішелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзған жағдайда басшылар шаралар қолданбаса, олар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер осы шектеулерді бұзған қызметкер жұмысын жалғастырған жағдайда, басшыға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін (680-бап).
Сонымен қатар, егер басшының өзі әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса, бұл оның «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңда көзделген теріс себептермен атқаратын қызметінен босатылуына әкелуі мүмкін.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құқық қорғау органдары деңгейінде белсенді іс-қимылды ғана емес, сонымен қатар әкімшілік практика сияқты тиімді алдын алу тетіктерін енгізуді талап етеді. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауы және олардың басшылары тарапынан қажетті шараларды қабылдауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға ықпал ететін ашық және есепті басқару жүйесін құруға көмектеседі.
#Заң_мен_тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП