«Әділ қоғам» жобасы аясында «Ашық есік күні» акциясы өтті

«Әділ қоғам» жобасы аясында  «Ашық есік күні» акциясы өтті

«Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету аясында және Қазақстан Халқының Бірлігі күні қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті «Ашық есік күні» акциясын ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, кәсіподақ, діни және жастар ұйымдарының, сондай-ақ саяси партиялардың өкілдері қатысты.

Акция барысында қонақтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысымен, тың бастамаларымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған жобаларымен танысты..

Бұл үдерістегі азаматтық қоғамның рөліне ерекше назар аударылды. Іс-шара аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков азаматтық қоғам өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысуының маңыздылығын атап өтті. Ол мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда ашықтық пен адалдықты қамтамасыз етудегі қоғам өкілдерінің маңызды рөлін атап өтті.

А.Ашиков сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында және «Әділ қоғам» жобасында азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінетінін еске салды. Азаматтық институттарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген түрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген.

Дөңгелек үстелдің басқа қатысушылары да талқыланған тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Облыстың бас имамы Думан Сайфуллин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте рухани аспектінің маңыздылығын атап өтіп, әрбір азаматты моральдық жауапкершілікке шақырды. Қалалық мәслихат депутаты Михаил Байтеряков сыбайлас жемқорлыққа қарсы ахуалды жақсартуға ықпал ететін заңнамалық бастамалардың қажеттілігіне назар аударды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Алида Тоқтарқан жастармен жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті. 

«Ашық есік күні» акциясы пікір алмасу үшін ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Барлық мүдделі тараптардың өзара әрекеттесуі осы маңызды салада табысқа жетудің негізгі факторы болып табылады.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП