Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ» жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына сапар өтті. Іс-шараның мақсаты халық арасында «Заң мен тәртіп» нарративін насихаттау, сондай-ақ азаматтарға заңгерлік көмек көрсету болды.
Акцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті ұйымдастырды. Халыққа кеңес беруге түрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ өз еркімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына қосылған кәсіби заңгерлер тартылды.
Іс-шара барысында ауданның 85 тұрғынына заң көмегі көрсетілді. Өтініштердің ең көп саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және денсаулық сақтау саласындағы мәселелерге қатысты болды. Барлық өтініштер сол жерде қаралды, олар бойынша білікті мамандар түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еске салады: егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы білсеңіз, 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына жүгіне аласыз. Желі тәулік бойы жұмыс істейді.
#Заң_мен_тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП