Марқакөл ауданының активімен кездесу: заңдылық пен ашықтыққа баса назар аудару

Марқакөл ауданының активімен кездесу: заңдылық пен ашықтыққа баса назар аудару

«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімінің басшысы Роман Хусаинов ШҚО Марқакөл ауданының активімен кездесу өткізді. Іс-шара мемлекеттік органдар басшыларының және ауданның квазимемлекеттік сектор субъектілері өкілдерінің қатысуымен өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпаратты қатысушылардың назарына жеткізу болды.

Іс-шара барысында Роман Хусаинов мемлекеттік құрылымдардың жұмысында заңдылық, ашықтық және есеп беру қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық деңгейін арттыру азаматтардың сенімін нығайтуға және қоғамда тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға ықпал ететініне назар аударды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ішкі бақылау жүйесін енгізу және мүдделер қақтығысын болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдері талқылауға қызығушылық танытып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП