ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғады

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты принциптерінің бірі – «Заң және тәртіп» қағидаты ұстанымы, ол «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыруда  маңызды рөл атқарады.

Шетелдік кәсіпкерлерге заңды тұлға ашу процесін жеңілдету мақсатында, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға сәйкес, бизнес-иммигрант ретінде уақытша тұруға рұқсат алу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған шара өңір экономикасына инвестиция тартуды жеделдетуге ықпал етуі тиіс.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Денис Шакенов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Қажетті құжаттарды алу процесі жергілікті атқарушы органдар тарапынан реттелмегендіктен, бұл шетелдік азаматтардың кәсіпкерлік қызмет бастауын қиындатады», – деді Денис Шакенов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Облыс әкімі өңірлік кәсіпкерлік басқармасына жоғарыда аталған құжатты беру міндетін жүктеді. Бұл қадам рұқсат алу процесін жеңілдетіп, өңірдегі инвестициялық климатты дамытуға бағытталған.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП