ШҚО Экология департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы туралы семинар өтті

ШҚО Экология департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы туралы семинар өтті

«Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық Экология департаментінде семинар өткізді.

Аталған іс-шара Экология департаменті қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының нормаларын игеру  деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Департаменттің Превенция басқармасының офицері Жандос Мұзтауов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының нормалары мен мемлекеттік қызметтегі қызметшілерге қойылатын шектеулерді түсіндірді.

Бақылау мен реттеу функцияларын жүзеге асыратын  экология департаментінің ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, спикер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік мәселелерін қозғады.

Семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және осы індетпен күрестің тиімді әдістерін енгізу жөніндегі күш-жігердің маңызды бөлігіне айналды.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП