Академиялық адалдықты сақтау: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шара

Академиялық адалдықты сақтау: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шара

Білім беру саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті облыстың білім басқармасымен бірлесіп студенттік ортада академиялық адалдықты сақтау мәселелері бойынша өңірдің колледж студенттерімен кездесу өткізді. Бұл іс-шара 2025 жылға арналған жастар арасында академиялық адалдықты ілгерілету жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде өтті.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің аға офицері Гүлнұр Бекбаева академиялық адалдықты сақтаудың, парасаттылық пен әділдік қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол сонымен қатар студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормаларымен таныстырды.

Іс-шара барысында спикерлер академиялық адалдықтың түрлерін және оны сақтамаудың салдарын, сондай-ақ білім беру мекемелері парасатты ортаны қалыптастыру бойынша қабылдап жатқан шараларын түсіндірді.

Соңында студенттер академиялық адалдықты сақтау қажеттілігімен келісе отырып, осы мәселе бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

#Заң_мен_тәртіп 

#ЗАҢменТӘРТІП