Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігін арттыру және дамыту платформасы ретінде ШҚО комплаенс-офицерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігін арттыру және дамыту платформасы ретінде ШҚО комплаенс-офицерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп өтті

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі «Заң мен тәртіп» нарративін нығайту, сондай-ақ комплаенс-бақылау саласындағы мамандарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті өңірдің комплаенс-офицерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп ұйымдастырды. Іс-шараға квазимемлекеттік сектор ұйымдарының 150-ден астам өкілі қатысты.

Мектеп жұмысын аша отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков өңірдегі комплаенс-қызметтің ағымдағы жағдайы туралы баяндама жасады. Өз сөзінде ол қол жеткізілген нәтижелерді де, комплаенс-қызметтер жұмысының тиімділігіне әсер ететін мәселелерді де атап өтті. Атап айтқанда, көптеген ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау процесі стандартты ұсыныстармен шектеліп, оның практикалық маңыздылығын төмендететін ресми сипатта болатыны атап өтілді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді тетіктерді енгізу және комплаенс-офицерлердің парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға белсенді қатысу қажеттілігіне назар аударылды.

Сонымен қатар, А.Ашиков комплаенс-офицерлердің корпоративтік этика және құқық қолдану практикасы қағидаттарын нығайтудағы рөліне, атап айтқанда, Құрылтайда Президент ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыру контекстінде ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік және құқықтық бөлімінің бас маманы Е.Карпова баяндама жасап, ТБН4 жобалық басқару шеңберінде комплаенс-қызметтер жұмысының негізгі аспектілерін атап өтті.

Мектеп жұмысының маңызды бағыты комплаенс-офицерлердің біліктілігін арттыру болды. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан филиалының профессоры С.Ковалев комплаенс-офицерлердің функционалдығы, олардың квазимемлекеттік сектордағы міндеттері мен мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Комплаенс-бақылау мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың практикалық аспектілерімен «Үлбі-ТВС» компаниясының комплаенс-офицері В.Натдочий бөлісті. Өз сөзінде ол тәуекелдерді бағалаудың тиімді құралдары мен әдістерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын енгізу жолдарын ұсынды.

Іс-шараның соңғы кезеңі ҚАЕУ Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Ф.Искендерованың сөз сөйлеп, ұйымдарда корпоративтік мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастырудың психологиялық аспектілері туралы баяндама жасады.

Мектеп жұмысы аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға комплаенс-офицерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп шеңберінде оқудан өткенін растайтын сертификаттар табыс етілді.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП