ШҚО Антикоры 2,2 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеді

ШҚО Антикоры 2,2 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекттік сатып алу жүйесін монитоингілеу барысында жыл басынан бері 2,2 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеді.

Бұл туралы ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакенов қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

"Мысалы, мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында ШҚО білім басқармасының "Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі" КМК қыркүйек айында жеңіл автокөлікке арналған шиналардың 1 данасын 420 мың теңгеге, жалпы сомасы 4 дана шинаны 1 млн 680 мың теңгеге сатып алмақ болғандығы анықталды. Алайда мұндай шиналардың 1 данасының орташа бағасы 30 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін тұрады. Департаменттің ұсынымынан кейін шиналардың бағасы қайта қаралып, үнемделген қаражат 1 млн 230 мыңды құрады", - деп атап өтті Денис Шакенов.

Бүгінгі таңда үнемделген қаражатқа осы колледждің автобусы үшін қосымша қосалқы бөлшектер сатып алынуда.