Шығыс Қазақстан облысында жоғары бағамен матрац пен еден сүрткіш сатып алмақ болған

Шығыс Қазақстан облысында жоғары бағамен матрац пен еден сүрткіш сатып алмақ болған

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген талдау жұмыстарының нәтижесінде «Семей медицина университеті» КЕАҚ Өскемен филиалы тұрмыстық заттарды жоғары бағамен сатып алмақ болғандары анықталды.

Атап айтқанда, білім беру мекемесі 1,9 миллион теңгеге бір еден сүрткіш (швабра) және 1,2 миллион теңгеге 1 матрас жиынтығын сатып алуды жоспарлаған, алайда еден сүрткіштің орташа нарықтық құны 25 мың теңге, матрастың бір жиынтығының бағасы 30-дан 130 мың теңгегені құрайды.

Антикордың ұсынымынан кейін, мемлекеттік сатып алу жоспарларына түзетулер енгізіліп, үнемдеу шамамен 3 млн теңгені құрады. Үнемделген қаражат өзге тауарларды сатып алуға бағытталатын болады. 

Департаменттің ұсынымдары бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сатып алуды қайта қарайды, нәтижесінде 2022 жылы 425 млн. теңгеге бюджетті үнемделді, ал осы жылдың басынан бері 205 млн.теңге үнемделді.

Айта кетейік, һмемлекеттік сатып алу мониторингі бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалануды болдырмау шеңберінде алдын алу құралдарының бірі болып табылады. Оның негізгі міндеті – жоспарлау кезеңінде тауарлардың құнын жасанды түрде көтеру болдырмау.