ШҚО-да жастар ұйымдарының белсенділері Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасымен таныстырылды

ШҚО-да жастар ұйымдарының белсенділері Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасымен таныстырылды

ШҚО-да жастар ресурстық орталығының белсенділерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасымен таныстыру мақсатында кездесу өткізілді.  

Аталған кездесу барысында превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын таныстырды. Бұл картаны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі әрбір облыс және Республикалық маңызы бар қала үшін әзірледі. Картаға процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілердің болуына, заңнаманың жетілмегендігіне байланысты шешімін таппайтын көкейтесті мәселелер кірді.

ШҚО бойынша картаға экология (қоршаған ортаның ластануы, денсаулыққа теріс әсер ету), көмір тапшылығы (көмір бағасын жасанды көтеру), ауыл шаруашылығы (Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мәселелері), құрылыс (міндеттемелерді орындамау тәуекелі және бюджет қаражатын ұрлау), бағалы металдар (бағалы металдар айналымы айналасындағы қылмыстық схемалар) сияқты мәселелер кірді.

Архат Бейсембаев, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы:

- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін жұмыс бағдары болып табылады. Мысалы, бүгінгі күні біздің Департамент экология саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде, өйткені осы саладағы проблемалар өзекті болып табылады. Басқа бағыттар бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Кездесу соңында Архат Бейсембаев кездесуге қатысушыларды картаға енген мәселелерді шешуге белсенді қатысуға шақырды, сондай-ақ жастарға қатысты әлеуметтік мәселелерді көтеруді ұсынды.