ШҚО-да өңірдің экологиясына қатысты мәселелер талқыланды

ШҚО-да өңірдің экологиясына қатысты мәселелер талқыланды

Шығыс Қазақстан облысындағы өткір проблемалардың бірі – экологиялық ахуалдың нашарлауы болып табылады. Аймақтағы ауаның ластануы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормасынан 1,5 есе асады. Атмосфералық ауаның мониторингіне сәйкес, Өскемен қаласы атмосфералық ауаның ластануы бойынша еліміздің алдыңғы қатардағы 5 қалалардың қатарына енеді. Мұның себептері кәсіпорындардағы жабдықтардың тозуы, зауыттардың шаң тазалау құрылғыларының жұмысының тиімсіздігі, жаңғырту мен реконструкциялаудың болмауы болып табылады.

Осы факторлардың барлығы халықтың денсаулығына кері әсерін тигізеді, соның салдарынан облыс онкологиялық аурулар бойынша елімізде 5-ші орында тұр.

Осыған байланысты экология мәселесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының бақылауында.

Өңірдің экологиялық мәселелерін талқылау мақсатында Антикор орталығында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Умаровтың, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экология департаментінің басшылығының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Аталған кездесу барысында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев бүгінгі таңда Департамент экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатқанын айтты:

"Сыртқы талдау жүргізу үшін экология тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені осы саладағы проблемалар біздің өңірдегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыртқы талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, экологиялық заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтарды анықтау мақсатында жүргізілуде. Бүгінгі таңда талдау аясында бірқатар проблемалар анықталды, оларды жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленуде".

Өз кезегінде Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Умаров Комитеттің ШҚО-да ғана емес, бірқатар басқа өңірлерде де экологиялық ахуалды жақсарту бойынша шаралар кешенін әзірлеп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, Е.Омаров Департамент қабылдап жатқан шаралардың маңыздылығына назар аударып, өзі басқарып отырған ведомство өңірдің экологиялық проблемаларын шешуге барынша жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті.