ШҚО-да экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр

ШҚО-да экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр

2022 жылғы 13 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев жұмыс сапарымен Самар ауданына барды және аудан активінің қатысуымен кеңес өткізді.

Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, басшылардың қол астындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін дербес жауапкершілігін, хабарлаушыларды көтермелеу жүйесіндегі өзгерістерді, мемлекеттік қызметшілердің сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстарының бірлескен жұмысы бойынша шектеулерді атап өтті. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық субъектілерінің құрамы кеңейтіліп, пара беру және парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу үшін жауапкершілік күшейтілді.

«ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметмен 2021-2022 жылдары Көкпекті ауданының лауазымды тұлғаларына қатысты (еркерту: Самар ауданы 2022 жылдың маусымына дейін әкімшілік тиесілілігі бойынша Көкпекті ауданының құрамында болды) 6 қылмыс тіркелді, оның ішінде сыбайлас жемқорлық - 5. Қылмыстық жауапкершілікке 5 адам тартылды, оның ішінде 2 адам сотталды», - деп атап өтті Талғат Мамырбекұлы.

Сондай-ақ, Талғат Башев бүгінгі таңда Департамент экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатқанын айтты:

«Сыртқы талдау жүргізу үшін экология тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені осы саладағы проблемалар біздің өңірдегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыртқы талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, экологиялық заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтарды анықтау мақсатында жүргізіледі», - деп атап өтті Талғат Башев.

Қоғамдық ұйымдардың өкілдері спикерді қолдап, өңірдің жергілікті тұрғындрын толғандыратын экология саласындағы негізгі проблемаларын атап өтті.  

Жиналыстан кейін ШҚО Антикор басшысының бірінші орынбасары тұрғындардың айтуынша заңсыз алтын өндіру жүргізіліп жатқан жерлерге барды. Нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушылар «Құлынжон» өзенінің арнасын өз еркімен өзгерткені, сол арқылы өңір экологиясына үлкен залал келтіргені анықталды.

Самар ауылының бірқатар белсенділері осы іс бойынша шағым жазды, қазіргі уақытта уәкілетті органдар тексеру жүргізуде.