«Заң мен тәртіп» апталығы: Шығыс Қазақстанда «Әділ қоғам – адал азамат» атты жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп өтті

«Заң мен тәртіп» апталығы: Шығыс Қазақстанда «Әділ қоғам – адал азамат» атты жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп өтті

«Заң мен тәртіп» нарративін қоғамда ілгерілету және «Әділ қоғам» жобасы аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Шығыс Қазақстанда дәстүрге айналған «Әділ қоғам – адал азамат» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп ұйымдастырылды. Іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен бірлесіп студенттік «Простор» лагерінің базасында өткізді.

Аталған жазғы мектеп осымен алтыншы жыл қатарынан өткізіліп отыр және оның басты мақсаты – жастарды адалдық пен әділдікке тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілікті арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім деңгейін көтеру.

Шараға қатысқан студенттер мен жемқорлыққа қарсы еріктілер арнайы дайындалған интеллектуалды сайыста – квест-ойында өз білімдерін сынап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша теориялық білімдерін арттырды.

«Жастар – біздің басты байлығымыз. Еліміздің жарқын болашағы – жастардың қолында. Сондықтан біз жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, олардың адал, әділ әрі парасатты азамат болып қалыптасуына баса назар аударамыз», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков.

Іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталып, ШҚО жемқорлыққа қарсы еріктілерінің әнұраны орындалды. Бұл әнұран – әділдік пен бірлік жолындағы жастардың ұмтылысының айғағы болды.

#заң&тәртіп
#заңментәртіп
#законипорядок