«Заң мен тәртіп» атты жалпыұлттық нарратив аясында Шығыс Қазақстан облысының өкілдері республикалық деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Әділ қоғам» жобасының презентациясына қатысты. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары А.А.Ашиков пен ШҚО әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиев төрағалық етті. Сонымен қатар, шараға мәдениет мекемелерінің басшылары, жастар ұйымдарының өкілдері мен шығармашылық зиялы қауым мүшелері қатысты.
«Әділ қоғам» жобасы мәдени-ағартушылық және білім беру бастамалары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Бұл жоба мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және шығармашылық қауымдастықтың күшін біріктіре отырып, қоғамда адалдық, әділеттілік және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын ілгерілетуді көздейді.
Бастаманың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеяларды мәдени мұра, тарихи құндылықтар мен ұлттық дәстүрлер арқылы жеткізетін бірегей мәдени-ағартушылық платформа құру. Жоба шеңберінде қоғамда адалдық пен әділеттілікке деген құрметті нығайту, адамгершілік нормаларды өмір салтына айналдыруға баса назар аударылады.
Шығыс Қазақстан облысы өкілдерінің жобаның презентациясына қатысуы – әділетті қоғам идеяларын ілгерілетуге қосқан үлесі ғана емес, сонымен қатар өңірдің рухани және мәдени құндылықтар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға дайын екендігін көрсетті.
Жобаның жүзеге асырылуы қоғамдағы моральдық ұстанымдарды нығайтып, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және адалдықтың өмір сүру нормасы ретіндегі оң бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді деп күтілуде.
#заң&тәртіп
#заңментәртіп
#законипорядок