Қоғамда «Заң мен тәртіп» жалпыұлттық нарративін ілгерілету аясында және халықты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметімен таныстыру мақсатында Антикор орталығында «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысымен таныстыру, сондай-ақ қоғаммен ашық диалог орнату арқылы мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру болды.
Шара аясында Антикор орталығына қоғам өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері және белсенді азаматтар келді.
Қонақтарға азаматтардың өтініштерін қабылдау тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар қалай әзірленіп, жүзеге асырылатыны таныстырылды. Сонымен қатар, профилактикалық шараларға ерекше көңіл бөлінді.
Шара аясында қатысушыларға «Антикор қызметкерінің бір күні» атты бейнероликтер көрсетілді. Бұл роликтер арқылы қызметкерлердің күнделікті жұмысы мен олардың ұстанатын қағидаттары жайлы толық ақпарат берілді.
Мұндай іс-шаралар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға, жастарды мемлекеттік басқару үдерістеріне тартуға және әділдік пен заңдылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтық қоғаммен тиімді өзара іс-қимыл жасауға әрқашан ашық.
#заң&тәртіп
#заңментәртіп
#законипорядок