Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту: ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитеті отырысының қорытындысы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту: ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитеті отырысының қорытындысы

«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету және қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комитеттің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ШҚО бойынша Департаментімен  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері қаралды.

Отырыстағы негізгі мәселелердің бірі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ШҚО бойынша Департаментінің ұсынысы бойынша қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін бес гидротехникалық нысанды пайдаланудан шығару бойынша жұмыстардың орындалу барысы болды. Мәліметке сәйкес, Шемонаиха ауданында орналасқан екі нысан толығымен пайдаланудан шығарылған, тағы үшеуі – Глубокое және Самар аудандарында – шығару сатысында. 

Сондай-ақ, «Таза Өскемен» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Талдау барысында кәсіпорын қаражатын тиімсіз пайдалану, мемлекеттік сатып алу және еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталды. Анықталған тәуекелдерді жою мақсатында кәсіпорын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсыныстары негізінде іс-шаралар жоспарын әзірлеп, іске асыруға кірісті. Жоспардың орындалуы бақылауға алынған.

Отырыста қаралған тағы бір маңызды мәселе – Зайсан ауданында орналасқан «Майқапшағай» өткізу пунктін қайта жаңғырту және техникалық жабдықтау жобасының жүзеге асу барысы. Жобаны аяқтау мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсан болып белгіленген. Жұмыстарды іске асыру мерзімдерінің шектеулі болуына байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ШҚО бойынша Департаменті Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп, Мемлекеттік кірістер органдарына жобаның уақытылы орындалуын қамтамасыз ету және бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін бақылау жөнінде ұсыныстар жолдады.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар қаралған мәселелер бойынша пікір алмасып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ШҚО бойынша Департаменті көтеріп отырған бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Ашықтық, қоғамдық бақылау және жүйелі алдын алу шаралары өңірде әділ және ашық мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырудың негізі екені айтылды.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП