«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында ШҚО-да Марқакөл ауданы полицейлерімен кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында ШҚО-да Марқакөл ауданы полицейлерімен кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» мемлекеттік идеологиясын ілгерілету шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков Марқакөл ауданының полиция бөлімінің жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында Асылхан Ашиков құқық қорғау органдары қызметкерлерінің басты міндеті – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыспен күресу екенін атап өтті. Бұл құндылықтар мемлекет жұмысының тиімділігімен қатар, әрбір азаматтың амандығы мен қоғамның тұрақты дамуы үшін де аса маңызды.

Ол өз сөзінде жүктелген міндеттерді табысты орындау үшін құқық қорғау органдарында білікті және құзыретті кадрлық құрамды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты. Осы бағытта құқық қорғау құрылымдарының өз ішінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Ішкі істер министрлігі 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен жоспарды бекіткенін атап өтті.

Асылхан Ашиков сондай-ақ «Профилактика жылы: полиция – заң мен тәртіпті қорғауда» бастамасы іске асырылып жатқанын еске салды. Осы бастама аясында полиция қызметкерлері арасында құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Кездесу соңында Асылхан Ашиков қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, барлық қызметкерлерді заңдылық, ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғамға адал қызмет ету қағидаттарын берік ұстануға шақырды.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП