Заң мен тәртіп: ШҚО-да комплаенс-офицерлерге арналған оқыту семинары өтті

Заң мен тәртіп: ШҚО-да комплаенс-офицерлерге арналған оқыту семинары өтті

 «Заң мен тәртіп» нарративін квазимемлекеттік секторда ілгерілету шеңберінде, сондай-ақ комплаенс қызметтерінің мамандарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті комплаенс-офицерлер үшін оқыту семинарын ұйымдастырды.

Іс-шараға денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің комплаенс офицерлері қатысты. Себебі дәл осы салаларда ашықтыққа, заңдылыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға негізделген тиімді комплаенс-практикаларды құру өте маңызды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Смағұлов Серік негізгі баяндама жасады. Ол комплаенс-қызметтердің даму кезеңдері, комплаенс-офицерлермен өзара іс-қимылдың заманауи тәсілдері, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру және бағалау жүйесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Әлеуметтік сала ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сүйемелдеу тәжірибесіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік және құқықтық бөлімінің бас маманы Елена Карпова баяндама жасады. Ол ТБН4 жобалық басқару шеңберінде комплаенс-қызметтердің жұмыс істеуінің негізгі аспектілерін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді басқару мен бақылаудың ағымдағы процестеріне интеграциялау қажеттілігіне назар аударды.

Мұндай іс-шараларды өткізу жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы инфрақұрылымды нығайтуға ықпал етеді және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылық пен заңдылық қағидаттарын сақтауға жауапты мамандарға тиісті әдіснамалық қолдауды қамтамасыз етеді.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП