Өскеменде «Заң және тәртіп: өзара іс-қимыл және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту басымдықтары» тақырыбында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Денис Шакенов қатысты.
Кеңес жұмысына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, облыс прокуроры Алмат Байшұлақов, құқық қорғау органдарының басшылары, ЖОО ректорлары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыста сөз сөйлеген Денис Шакенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті мемлекеттік және жеке құрылымдарда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша мақсатты жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты тек сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес жүргізумен шектелмей, қоғамда оған мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.
«Біз жазалау шараларынан қарағанда жүйелі профилактикаға басымдылық береміз, оның негізінде қоғамдық сананың өзгеруі, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген түрін қабылдамауы жатыр. Алдын алу шараларына зор мән берілуде», — деп атап өтті Денис Шакенов.
Отырыс барысында ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік», «Бизнеске жол» жобалары сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылуы туралы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің қызметі туралы айтты.
Өз сөзінің соңында Денис Шакенов сыбайлас жемқорлықты жою ісінде азаматтық қоғаммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті бұдан былай да заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған жүйелі, дәйекті және кешенді жұмыс жүргізеді. Біз жемқорылыққа қарсы сауаттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп, жұртшылықпен әріптестікті кеңейтуді және практикалық бастамаларды іске асыруды жалғастырамыз», — деп атап өтті ол.
#Заң_мен_тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП