
Шығыс Қазақстан облысында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі оқыту ұйымдастырылды.
Кездесуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жас еріктілер — әділ және ашық қоғам құруға үлес қосуға дайын бастамашыл және бей-жай қарамайтын азаматтар қатысты. Іс-шара барысында жас белсенділерге қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері, сондай-ақ осы саладағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Алған білімдерін бекіту үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта викторина өткізілді. Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын бейнелейтін бейнероликтер көрсетілді.
Бүгінде ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарында 136 белсенді бар. Олар мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізеді, әлеуметтік объектілердің қоғамдық мониторингтеріне қатысады, сондай-ақ халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктері туралы белсенді хабардар етеді.
Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық мәдениетін дамытуға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және мемлекеттік билік институттарына деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.
#Заң_мен_тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП