«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету аясында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Катонқарағай ауданына барды.
Іс-шараға түрлі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ кәсіби заңгерлер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатысты.
Ауданның 120-дан астам тұрғынына заң көмегі көрсетілді. Өтініштердің негізгі басым көпшілігі әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет көрсету және жер дауларына қатысты болды. Барлық өтініштер сол жерде қаралып, толық консультациялар берілді.
Жоба халықпен диалогтың тиімділігін көрсетеді және шалғай аудандарда құқықтық хабардарлықты арттыруға ықпал етеді.
Егер сіз сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз, 1424 телефоны бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына хабарласыңыз. Қоңыраулар тәулік бойы қабылданады.
#Заң_мен_тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП