«Бизнеске жол» жобасы аясында Үлкен Нарын ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиковтың қатысуымен жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
«Бизнеске жол» жобасын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшінші жыл қатарынан іске асырып келеді. Жоба кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға, әкімшілік кедергілерді жоюға және шағын және орта бизнес саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Жер учаскелерін ресімдеуге, рұқсат алуға, инфрақұрылымға қосылуға, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларына (гранттар, кредиттер, субсидиялар) қол жеткізуге байланысты проблемаларға басты назар аударылады.
Кездесу барысында қатысушылар кәсіпкерлердің тәжірибеде кездесетін ең өзекті мәселелерін талқылады. Бақылаушы органдар тарапынан әкімшілік кедергілер, рұқсат құжаттарын алу кезіндегі бюрократиялық кідірістер және мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар тақырыптары көтерілді.
Асылхан Ашиков мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Ол 2020 жылдан бастап нормативтік-құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізіліп жатқанын, дискрециялық өкілеттіктер қысқартылып жатқанын, ал мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электрондық форматқа ауыстырылғанын атап өтті.
«Бизнеске жол» жобасы кедергілерді анықтап қана қоймай, нақты шешімдерді ұсынады. Жоба іске асырыла басталғаннан бері 150-ден астам кездесу өткізіліп, 100-ден астам проблемалық кейс шешілді. Өтініштердің басым көпшілігі жер мәселелеріне, инфрақұрылымға қосылуға, монополистермен проблемаларға, мемлекеттік сатып алулар мен салықтық әкімшілендіруге қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар ашық диалогтың маңыздылығын атап өтіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бизнес мүддесі үшін жүйелі және практикалық жұмысы үшін алғыс білдірді.
#Заң_мен_тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП