«Заң мен тәртіп»: ШҚО Алтай ауданында активпен кездесу өтті

«Заң мен тәртіп»: ШҚО Алтай ауданында активпен кездесу өтті

Қоғамда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков аудан активімен кездесті.

Кездесу аясында Асылхан Ашиков қатысушыларға қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Мемлекеттік қызметтің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығына, ашықтық, есептілік және парасаттылық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ әрбір мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы дербес жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар сұрақтар қойып, ұсыныстарымен бөлісіп, өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша құзыретті түсініктемелер ала алды.

Мұндай іс-шаралар құқықтық хабардарлықты арттыруға, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға және қызметкерлер мен халық арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП