Ұлытауда еріктілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары жалғасуда

Ұлытауда еріктілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары жалғасуда

 

 

 

   Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Қаражал, Сәтбаев қалалары мен Жаңаарқа ауданында Ұлытау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері белсенділік танытып, елге адал қызмет ету идеясын насихаттады.
​   Еріктілер ақпараттық буклеттер таратып, қоғамды адалдық пен әділдікке шақырды.
   Бұл — ерлікке толы тарихымызды еске алып қана қоймай, қазіргі қоғамда да әділдік пен парасаттылықты дәріптеу мүмкіндігі болды.
   Әр азаматтың адал болуы — ел болашағының берік іргетасы!

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП