Ұлытаудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметкерлеріне арналған семинар

Ұлытаудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметкерлеріне арналған семинар

 

   Сәтбаев қаласында "Ұйымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің өзекті мәселелері" тақырыбында мазмұнды семинар өтті.       Іс-шараға 50-ден астам қатысушы жиналып, маңызды тақырып төңірегінде пікір алмасты.
   Семинардың негізгі спикері – заң ғылымдарының кандидаты, профессор, «Ace Adviser» заң компаниясының жетекшісі Айсин Сайкен Бақытұлы. Ол комплаенс жүйесінің маңыздылығына тоқталып, ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық ұсыныстарымен бөлісті.
   Семинарда алғы сөз алғандар:
– Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Превенция басқармасының басшысы Қуанышбек Абишев пен Сәтбаев қаласы әкімінің аппаратының басшысы Ақтолқын Бегежанова: "Іс-шара комплаенс саласындағы өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді шараларды айқындауға мүмкіндік береді",- деп айтып өтті.
   Семинар соңында аталған тақырып төңірегінде диалог құрылып, барша қатысушыларға сертификат табыс етілді.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП