«Бизнеске жол» жобасы жалғасуда

«Бизнеске жол» жобасы жалғасуда

 

   Ұлытауда «Бизнеске жол» жобасы аясында Антикор қызметкерлері Сәтбаев қаласының Шағын және Орта бизнес өкілдерімен кездесті.
   Кездесуге Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Қуанышбек Әбішев, Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Каженова, Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев, Сәтбаев қаласы прокурорының орынбасары Өмірзақ Әлиев және Сәтбаев қаласының шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
   Күн тәртібінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында бизнесті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды анықтау және жоюға бағытталған «Бизнеске жол» жобасының іске асырылу мәселесі қаралды.
   Превенция басқармасының басшысы Қуанышбек Әбішев жобаның басты мақсатын, жоба аясында жүргізілген жұмыс нәтижелері, шешілген өзекті сұрақтар туралы хабарлап, жобаның «Заң мен Тәртіп» қағидаты негізінде жүзеге асатынын атап өтті.
   Кездесу ашық диалог форматында өтті, кәсіпкерлер мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі негізсіз, әкімшілік кедергілерге қатысты сұрақтар қойып, жауап алды.
   Кездесу соңында Антикор өкілі Агенттіктің 1424 Колл-орталығының жұмыс принципін атап өтті, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен телефон хабарламаларына жедел ден қоюды қамтамасыз ету болып табылады.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП