Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар арасындағы байқау Жаңаарқа ауданы мен Қаражал қаласында жалғасын тапты.
Бұған дейін челлендж Жезқазған қаласында бастау алған болатын.
Негізгі мақсат - жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын түсінікті, қарапайым нысанда жеткізу және олардың санасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов жастарды заң мен тәртіпті берік ұстануға, әрқашан адал болып, жемқорлыққа қарсы тұруға шақырды.
Сондай-ақ, іс-шараға Жаңаарқа ауданының әкімі Қанат Қожықаев, Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Қуанышбек Абишев, Қаражал қаласының әкімі Айқын Елеусізов және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квизде мектеп оқушылары мен студенттерден кұралған топтар сайысты.
Командалар сайыс кезеңдерінде тест сұрақтарына жауап берді, ситуациялық кейстерді шешті және өздері әзірлеген бейне-роликтерді назарға ұсынды.
Жеңімпаздар әділ қазылардың шешімі бойынша анықталды.
Жаңаарқа ауданында:
1 – орын – «MindHackers» командасы;
2 – орын – «Таза Толқын» командасы;
3 – орын – «Адалlive» командасы.
Қаражал қаласында:
1 – орын – «Голос прозрачности» командасы;
2 – орын – «Адал ұрпақ» командасы;
3 – орын – «Парасыз болашақ» командасы.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды (бейне-камерасы бар Дрон, VR (виртуалды көзілдірік, «Алиса Яндекс» станциясы, LED теледидар, түсті қағазды басып шығаратын принтер, колонка және ұлттық нақыштағы картиналар.
Іс-шара соңында қатысушылар әрқашан заң мен тәртіпті бұлжытпай сақтауға міндеттеме алып, оны челлендж ретінде облыстағы өзге қалалар мен аудандардың жастарына жолдады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП