Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

 

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және медицина қызметкерлерінің құқықтық санасын арттыру мақсатында Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасының ұжымына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
   Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жеке және институционалдық жауапкершілік шаралары, сондай-ақ медициналық практикада адалдық пен ашықтық қағидаттарын сақтау маңыздылығы түсіндірілді.
   Мүдделер қақтығысын болдырмау, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
   Мұндай іс-шаралар денсаулық сақтау саласында «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды алдын алу тетігіне айналады.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП