«Заң мен Тәртіп»: Ұлытауда құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарында

«Заң мен Тәртіп»: Ұлытауда құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарында

 

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаменті Жаңаарқа кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс объектісіне барды.
   Сапар барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов пен Превенция басқармасының басшысы Қуанышбек Абишев дене шынықтыру-сауықтыру объектісінің ұзаққа созылған құрылысының жай-күйіне мониторинг жүргізді.
   Негізгі мақсат-құрылыстың уақтылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау.
   Департамент өңірдің әлеуметтік нысандарының уақтылы және сапалы құрылысына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП