«Заң мен Тәртіп»: Азаматтық қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Заң мен Тәртіп»: Азаматтық қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

 

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша Департаменті Жаңаарқа ауданы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамымен кездесті.
   Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов азаматтық қорғау саласындағы қызметтің маңызын атап өтіп, қызмет атқару барысында адалдық пен заңдылық қағидаттарын берік ұстану қажеттілігіне баса назар аударды.
   Бұдан бөлек, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары, жемқорлық үшін жауапкершіліктің ерекшелігі, превенция құралдары, жемқорлыққа қарсы саясат жөнінде мәлімет ұсынылды.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП