«Заң мен Тәртіп»: Төтенше жағдайлар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

«Заң мен Тәртіп»: Төтенше жағдайлар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

 

   Ұлытауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымына түсіндіру жұмыстарын өткізді.
   Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов, Ұлытау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Есен Байыров пен жеке құрамы қатысты.
   Кездесуде «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайта отырып сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
   Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің ерекшелігі, превенция құралдары, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жөнінде мәлімет ұсынылды, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейне-ролик көрсетілді.
   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жекелеген нормаларына түсіндірме берілді.
   Жиын соңында қатысушылар сұрақтарына жауап алды.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП