Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы жемқорлықтың алдын алу

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы  жемқорлықтың алдын алу

 

   

   Ұлытауда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мамандарға жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

   Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің Превенция басқармасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
   Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, мүдделер қақтығысын болдырмау, этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері түсіндірілді.
   Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ, қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту маңыздылығына аса назар аударылды.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП