
«Бизнеске жол» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлытауда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған жиын өткізді.
Жиынға Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов, облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова, облыстық білім басқармасының жауапты тұлғалары мен білім беру ұйымдарындағы тамақтандыруды қамтамасыз етумен айналысатын кәсіпкерлер қатысты.
Бұған дейін, Департамент 2023-2024 жылдар кезеңінде жалпы білім беретін мектептерде балалардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша шарттарға талдау жүргізілген болатын.
Талдау барысында кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу, тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын, салық және бюджет заңнамасын бұзу фактілері анықталды.
Атап айтқанда, тамақтану сомасын есептеу кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін, Кәсіпкерлік кодекстің, тамақтануды ұйымдастыру ережелерінің, салық және бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып жүргізілген.
Жиын барысында туындаған мәселе жан-жақты талқыланып, кәсіпкерлердің құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған ұсынымдар берілді.
Басты мақсат - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдардың қызметінде «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП