Ұлытау облысында статистика саласында жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселесі талқыланды

Ұлытау облысында статистика саласында жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселесі талқыланды

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаменті Ұлттық статистика бюросының өңірлік департаменті қызметкерлеріне дәріс өткізді.
​   Жиын барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама нормалары мен ондағы жаңашылдықтар таныстырылды. Превентивті шаралар мен жемқорлық үшін көзделген жауапкершілік туралы ақпарат жеткізілді.
​   Превенция басқармасының басшысы Қуанышбек Абишев алдын алу шараларының қоғамда жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырудағы рөлін, «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
​   Сондай-ақ, статистика саласында туындауы ықтимал жемқорлық тәуекелдері талқыланып, оларға жол бермеуге бағытталған ұсынымдар берілді.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП