«Заң мен тәртіп»: Ұлытауда мемлекеттік қызметшілер уақытша ұстау изоляторына экскурсияға барды

«Заң мен тәртіп»: Ұлытауда мемлекеттік қызметшілер уақытша ұстау изоляторына экскурсияға барды

 

   Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Полиция Департаментімен бірлесіп өңірдегі Экология Департаментінің қызметкерлеріне Жезқазған қаласында орналасқан уақытша ұстау изоляторына экскурсия ұйымдастырды.
   Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілерге қылмыс жасаудың салдарымен танысуға мүмкіндік беру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
   Шара барысында қатысушылар қамаудағылардың ұстау жағдайларымен, мекеменің жұмыс тәртібімен және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен танысты.
   Бұл өз кезегінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттырып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардан тартынуына ықпал етеді.
   Іс-шара «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау маңыздылығының айқын көрінісі болды.
   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға бағытталған бұндай шаралар алдын алудың тиімді әрі маңызды құралы ретінде жалғасын табады.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП