
«Заң мен Тәртіп»: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жезқазған университетінің студенттерімен «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында кездесу өткізді.
Іс-шара «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде өтті, оның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау маңыздылығын түсіндіру және қоғамдық тәртіпті нығайтуға шақыру.
Кездесу барысында Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов Жезқазған университетінің студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын түсіндіріп, жастарды адалдыққа, заңды құрметтеуге және оны қатаң сақтауға шақырды.
Ақпараттық жұмыс барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Жиын соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП