В области Ұлытау прошел брифинг по итогам деятельности за 2024 год

В области Ұлытау прошел брифинг  по итогам деятельности за 2024 год

 

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Департаменті Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2024 жылғы қызмет қорытындылары туралы брифинг өткізді.

      Оның барысында алдын алу шараларына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері туралы халықтың хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударылды.

      Департамент басшысы Ерлан Жолдыбаев жыл ішінде республикалық және облыстық деңгейдегі іс-шараларды қоса алғанда, 14 мыңнан астам адамды қамтыған 200-ден астам жемқорлыққа қарсы ағартушылық іс-шара өткізілгенін хабарлады. Қараша айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта республикалық эссе байқауы өтті, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 800-ден астам студент қатысты. Оның ішінде Ұлытау облысының студенттері үздік нәтижелер көрсетіп, түрлі номинациялар бойынша екі марапатқа ие болып.

      Өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Картасының бағыттары, сондай-ақ олар бойынша жүргізілген талдаулар мен мониторингтер ұсынылды.

      Картаны іске асыру шеңберінде және Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында автожолдарды салу және жөндеу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау көптеген бұзушылықтарды, соның ішінде ЖАО және мердігерлік ұйымдардың қызметіндегі проблемаларды анықтады. Департаменттің ұсынымдары бойынша жолдарды қайта құру және салу бойынша кепілдік мерзімі 7 жылға дейін, ал орташа жөндеу үшін — 5 жылға дейін ұзартылды.

      Департаменттің ұсынысы бойынша жолдарды аспаптық зерттеу рәсімін жоспарлау бойынша жұмыс басталды, содан кейін оларды паспорттау жүзеге асырылуда, бұл мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде техникалық құжаттаманы манипуляциялаумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.

     Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу саласындағы талдау конкурстарға қатысу үшін құжаттаманың жеткіліксіздігі және жер учаскелерін бөлу кезінде манипуляция жасау деректерін айқындады, бұзушылықтарға жол бергені үшін Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары және Жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

     Аула аумақтарын абаттандыру және балалар алаңдарын орнату мониторингі барысында белгілі бір мердігерлердің қалауымен, сондай-ақ жұмыстарды орындау туралы актілерге аванстық қол қоюмен және орындалмаған жұмыстар үшін шарттың толық сомасына бюджет қаражатын аударумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

     Бүгінгі күні аудиторлық тексеру қорытындысы алынды, ол 38 млн теңгеден астам сомаға бұзушылықты растайды.

     Департаменттің ұсынысы бойынша аула алаңдарына кепілдік беру мерзімі 3 жылға ұзартылды.

     Сондай-ақ ТКШ бөлімдері басшыларының жұмыс сапасы үшін жауапкершілігіне, орындалу мерзімдерін бақылауға, мердігерлер тарапынан бұзушылықтарды құжаттандыруға, сондай-ақ орындалған жұмыстар бойынша тоқсан сайынғы есептілікке және басқа да аспектілерге қатысты лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер енгізілді.

     Бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жұмыстың орындалу процесі мен сапасын бақылайтын мониторингтік топтар құрылды.

     2024 жылы Департаменттің тұрақты сүйемелдеуімен және бақылауымен үш ұзаққа созылған нысан пайдалануға берілді: Жезқазған мен Сәтбаевтағы балабақшалар, сондай-ақ Сәтбаевтағы оқушылар сарайы. Жезді кентінде Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2025 жылдың қаңтарында аяқталады деп күтілуде.

      «Бизнеске жол» жобасы аясында Департамент 23 кейс бойынша 859 кәсіпкердің құқығын қорғады. Департаменттің ұсынымдары бойынша 1 миллиард 315 миллион теңге сомасына 46 тиімсіз сатып алу тоқтатылды, бұл мемлекеттік шығыстарды бақылау жөніндегі жұмыстың оң нәтижелерін көрсетеді.

     Ерлан Жолдыбаев атап өткендей, Департаменттің 2024 жылғы жұмысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және алдын алу шараларында айтарлықтай оң нәтиже көрсетті. Алдағы уақытта Департамент еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының барлық бағыттары бойынша белсенді жұмысын жалғастырады.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП