Антикор Ұлытау өңірдің негізгі салалары туралы

Антикор Ұлытау өңірдің негізгі салалары туралы

       2023 жылғы 26 желтоқсанда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында "Ұлытау облысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру" тақырыбында брифинг өтті (бұдан әрі мәтін бойынша – карта).

       Сыбайлас жемқорлық көріністеріне неғұрлым бейім картаны әзірлеу кезінде өңірдің бес негізгі саласы айқындалды:

- тіршілікті қамтамасыз етудің стратегиялық объектілері;

- көлік инфрақұрылымы;

- облыс орталығының инфрақұрылымын дамыту, құрылыс салу, абаттандыру және көгалдандыру;

- өңірдегі экологиялық жағдай;

-ауыл шаруашылығы.

       Брифинг барысында барлық негізгі салалар бойынша жұмыс қорытындылары кеңінен талқыланды, сондай-ақ сырттан мамандар мен сарапшыларды тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін неғұрлым терең талдау жолымен іске асырылатын тиісті индикаторлар мен іс-шаралар жоспары жасалды.

      Сондай-ақ, аяқталмаған құрылыс мәселелері назардан тыс қалдырылмай, өңіріміздегі 4 әлеуметтік нысан бақылауға алынғаны аталып өтті.

      Мемлекеттік сатып алуды өткізудің тиімсіздігі тақырыбы ерекше атап өтілді. Бұған жалпы сомасы 4 млрд 108 млн теңгеден асатын 23 тиімсіз мемлекеттік сатып алудың күшін жою себеп болды. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру жоспарлануда.

      "Бизнеске жол" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобаларын іске асыру жүйелі және көп деңгейлі сыбайлас жемқорлықты анықтауға бағытталатын болады.

      Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша нақты міндеттерді айқындады, осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекет пен қоғамның сындарлы әріптестігін нығайту, қоғамдық бақылауды күшейту, бюджет саясатының ашықтығын қамтамасыз ету, цифрландыру және сатып алу рәсімдерін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударатын болады.