Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 34 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол бермеді

Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 34 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол бермеді

Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы жұмыс нәтижелері бойынша шамамен 34 млн.теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілмеді.

Бұзушылықтар бірыңғай сатып алу терезесінің (бұдан әрі-ЕОЗ) мәліметтерін мониторингі барысында анықталды.

Мәселен, Қаражал қаласы әкімінің аппаратымен ағымдағы жылы көлемі 2000 текше сантиметрге дейінгі Автоматты трансмиссиясы бар С-класты үш қызметтік автокөлікті мемлекеттік сатып алу жоспарланған болатын.

Оларды сатып алуға әр бірлік үшін 26 660 000, 19 800 000 және 18 900 000 теңге бөлу жоспарланған болатын. Бірыңғай сатып алу терезесіне сәйкес орташа бағадан ауытқу сәйкесінше 125%, 89% және 80% құрады.

Осылайша, жоспарланған сатып алу автомобильдерді базалық жиынтықтан жоғары бағада сатып алуды көздеді.

Ал, "орталық, жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы №108 Өкіміне сәйкес 3 жыл ішінде қозғалтқыш көлемі 2000 куб.см.асатын, сондай-ақ Еуразиялық Одақ мүшелеріне кірмейтін мемлекеттерден сатып алуға тиым салынады.

Департаменттің бастамасымен Қаражал қаласының әкімшілігі екі автокөлікті мемлекеттік сатып алудың бағасын төмендету жағына қарай қайта қарастырды, үшінші автомобиль бойынша оны сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Мемлекеттік сатып алу бағасының артуы Сәтбаев қаласының №14 жалпы білім беретін мектебінде де белгіленді, онда тауардың 1 бірлігі үшін 1 666 964 теңге бағасымен ақ бояуды сатып алу жоспарланды. Асып кету 68 106% құрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет араласқаннан кейін аталған сома төмендету жағына қарай қайта қарастырылды. Қазіргі уақытта мектеп 47 358 теңгеге 18 банка ақ бояу сатып алды. Бюджет қаражатын үнемдеу 1 619 606 теңгені құрады.

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау сатысында жоғарыда аталған бұзушылықтарды анықтау және жою бюджет қаражатын үнемдеуді және тиімді пайдалануды қамтамасыз етті.

Жоспарланған мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтердің ашықтығы мен қолжетімділігіне байланысты азаматтардың бағалардың сәйкессіздігі туралы хабардар болуы бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алуға да ықпал ететінін атап өткен жөн.

Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті әрдайым ынтымақтастыққа ашық және әркімге елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге жеке үлес қосуға дайын.