Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау – әділеттілікті нығайтуға қосылған маңызды үлес

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау – әділеттілікті нығайтуға қосылған маңызды үлес

   

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті азаматтарды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына бейжай қарамауға және оларды анықтау мен жолын кесуге белсенді атсалысуға шақырады.

     Мысалы, жақында болған жағдайлардың бірінде Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қызметкерлері арызданушының сотталған күйеуіне интернетке қол жеткізуге жәрдемдесу үшін 50 мың теңге көлемінде пара алған.

     Азаматшаның уақтылы хабарлауының арқасында бұл сыбайлас жемқорлық фактісі жазасыз қалмады – кінәлілер ұсталып, тиісті жазасын алды.

     Бұл жағдай – адал азаматтық ұстанымның маңыздылығын айқын көрсететін мысал.

     Мемлекет, өз кезегінде, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды жан-жақты қорғайды, ал олардың жеке мәліметтерін жариялағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық азаматтарды сыбайлас жемқорлық фактілерін білген жағдайда үнсіз қалмай, 1424 нөміріндегі Call-орталыққа қоңырау шалуға немесе +7 777 000 14 24 WhatsApp нөміріне жазуға шақырады.

     Әділеттілік – әрқайсымыздан басталады.

#ЗАҢжәнеТӘРТІП

#ЗАҢ_ЖӘНЕ_ТӘРТІП