Кеңес отырысына мемлекеттік органдардың, тапсырыс берушінің, мердігер ұйымның өкілдері, мәслихат депутаттары және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері қатысты.
Талқылау барысында жобаны іске асыру кезінде туындаған бірқатар техникалық мәселелер анықталып, жекелеген жұмыс түрлерін алып тастау және қосу қажеттілігі белгіленді.
Аталған өзгерістер жобаның жалпы құнына әсер етпейді.
Сонымен қатар, насостар мен гидроэлектр жабдықтарының техникалық жай-күйін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны тарту және жөндеу мерзімін 30 күнтізбелік күнге ұзарту ұсынылды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тәуелсіз сарапшыны тарту, орындалатын жұмыстар тізбесін нақтылау мен түзету, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында нысанға бейнебақылау камераларын орнату мәселесін қарау туралы шешімдер қабылданды.
Жалпы алғанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі – бюджет қаражатының нысаналы әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттік қаражатты жоспарлау, бөлу және игеру барысында, әсіресе денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым сияқты әлеуметтік маңызы бар салаларда сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға ерекше назар аударылады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП