«Заң және тәртіп»: «Әділ қоғам» жобасының басталуы

«Заң және тәртіп»: «Әділ қоғам» жобасының басталуы

     

 

   Ағымдағы жылдың 4 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен және ЮНЕСКО қамқорлығымен жұмыс істейтін Мәдениеттерді жақындастыру орталығымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Әділ қоғам» жобасы аясында іс-шара өтті.

     Жобаның басты мақсаты – қазіргі қоғамда адалдық, адамгершілік және құқықтық сана қағидаттарын нығайту.

     Іс-шараның ашылуында қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы А.Ж. Жұмағали мен Мәдениет және ақпарат Министрі А.Г. Балаева сөз сөйледі.

     Жиын барысында ЮНЕСКО қамқорлығымен жұмыс істейтін Мәдениеттерді жақындастыру орталығы басшысының орынбасары С.А. Ашимова жобаның негізгі бағыттарын және оның қоғамдағы құндылық бағдарларын дамытудағы маңызын таныстырды.

     Сондай-ақ, Сенат депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Н.Б. Жүсіп және қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлері өз пікірлерімен бөлісті.

     Ұлытау облысында іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері, сондай-ақ Мәдениет басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, өңірдің қоғам белсенділері бейнебайланыс арқылы қатысты.

     «Әділ қоғам» жобасы өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыруға елеулі үлес қосуда. Жоба жастарды адалдыққа, әділдікке және «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстануға тәрбиелеуге ықпал етеді. Мұндай бастамалар азаматтық жауапкершіліктің артуына және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімінің нығаюына септігін тигізеді.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП