Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте ашық есік күні өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте ашық есік күні өтті

 

 

 

    2025 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Ашық есік күнін өткізді.

     Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен Департаменттің қызметімен танысуға қызығушылық танытқан азаматтар қатысты.

     Қонақтарға Агенттіктің қызмет бағыттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың нақты жүзеге асырылу тәртібі бейнероликтер, дәрістер және таныстырылымдар арқылы көрсетілді.

     Сонымен қатар, азаматтардың жеке сұрақтарын қоюы мен ұсыныстарын білдіруі үшін жеке қабылдау ұйымдастырылды.

     Аталған іс-шараның мақсаты – қызметтің толық ашықтығын қамтамасыз ету арқылы «Заң және тәртіп» идеологиясын нығайту және қоғаммен тиімді әрі тұрақты өзара іс-қимылды дамыту.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП