Теміржол жолаушылар тасымалының сапасына мониторинг жалғасуда

Теміржол жолаушылар тасымалының сапасына мониторинг жалғасуда

 

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту шеңберінде пойыздардың жұмыс режиміне және теміржол көлігінде қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
   Мониторингтің мақсаты вагондардың санитарлық жағдайын бағалау, билеттерді сату кезінде заңсыз делдалдар кызметінің жылжымалы құрамының кестесін сақтаудағы бұзушылықтарды, сондай-ақ жолаушылардың билетсіз жүру фактілерін анықтау болды.
   Тексеру барысында вокзал қызметтерінің ашықтығы мен тиімділігін бағалап, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын зерделеді.
Тексеру қорытындысы бойынша техникалық, бұзушылықтар анықталған жок. Ұсыныс ретінде жылжымалы құрамның санитарлық жағдайын үнемі бақылауды жалғастыру қажеттілігі атап өтілді.
   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға және адалдық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ете отырып, неғұрлым әлеуметтік маңызы бар салаларда тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП