Жезқазғанда мемлекеттік қызметшілер арасында үстел теннисінен турнир өтті

Жезқазғанда мемлекеттік қызметшілер арасында үстел теннисінен турнир өтті

 

  Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде «Адалдық үстелінде» атты мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметшілері арасында үстел теннисінен турнир өтті.
   Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық, әділдік және салауатты өмір салтын насихаттау.
   Турнирді салтанатты түрде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов ашты. Іс-шараға сондай-ақ Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Каламкас Абдуәлиева қатысып, қатысушыларға сәттілік пен адал бәсекелестік тіледі.
   Сайыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар мен дипломдар және естелік сыйлықтар табысталды.
   Мұндай бейресми форматтаты спорттық іс-шаралар сыбайлас жемкорлыққа карсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызметтің оң бейнесін арттыруға ықпал етеді.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП