Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаменті Қарсақбай станциясындағы теміржол вокзалында мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында жолаушыларға көрсетілетін қызметтің жай-күйі, қызметкерлердің заңдылық пен әдепті сақтау деңгейі және басқару үдерісіндегі жемқорлық тәуекелдері зерделенді.
Жұмыс нәтижесінде қызмет көрсету сапасын жақсарту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында анықталған мәселелер назарға алынып, тиісті бақылау шаралары ұсынылды.
Азаматтардың сенімі мен әділ басқарудың негізі ретінде көлік қызметтері саласындағы "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайтуға ерекше назар аударылды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП