Ұлытауда мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жалғасуда

Ұлытауда мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жалғасуда

 

  «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында Сатпаев қаласының мемлекеттік қызметшілері үшін «Мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» тақырыбында семинар өтті.
   Іс-шараға 80-нен астам мемлекеттік қызметші қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тәсілдерін түсіндіру, сондай-ақ заңдылық пен тәртіпті нығайту.
   Спикер ретінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының лекторы Руслан Тоқатов сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша заманауи тәсілдер, мүдделер қақтығысын реттеу және 4-үлгілік базалық бағыт жобасының практикалық қырлары туралы жан-жақты мәлімет берді.
   Семинардың ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов пен Сатпаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев мемлекеттік қызметтегі адалдық пен ашықтық қағидаттарының маңыздылығын атап өтті.
   Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы білімдерін тереңдетіп, практикалық ұсыныстар мен құралдарды меңгерді.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП